Silk Way телеарнасынан «Орел и Решка. Казахи» жаңа маусымы көрсетіледі

ҚР Президенті Телерадиокешенінің Silk Way телеарнасы көрерменге танымал трэвел шоудың «Орел и Решка. Казахи» деп аталатын бірегей маусымын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

телеканал жибек жолы
Фото: МИА "Казинформ"

Бағдарламаның 15 шығарылымында саяхатшылар – кинопродюсер, актриса Құралай Анарбекова мен танымал блогер Ғани Әжікеновтың тағдырын бақыр шешеді.

Жүргізушілеріміз Қазақстанның өңірлерінде болып, елдегі таңғажайып мекендердің ерекшелігі мен сұлулығын көрсетеді. Сондай-ақ әлемнің ғажап қалаларын аралағандағы әсерін бөліседі.

Танымал телевизия франшизасының қазақстандық нұсқасы еліміздің көрікті жерлерінің бірі – Қатонқарағайға саяхаттан басталады.

Содан кейін Ғани мен Құралай киелі Маңғыстаудың құпиясына үңіліп, көне Түркістанда демалыс өткізеді.

жібек жолы
Фото: Jibek Joly

 

Жүргізушілерімізді ғажайып Дубай, ғаламат Венеция, карнавал шоуларымен танымал Рио де Жанейродағы қызықты оқиғалар күтіп тұр. Сондай-ақ саяхатшыларымыз бар жерде қазақтармен кездесіп, шетелдегі өмір туралы тілдеседі.

- Бұл шоу Отанымызды басқа қырынан тануға көмектеседі. Жоба Қазақстан өңірлерінің өзгешелігі мен бірегейлігін ашып, қызығушылығы мен өмір жолы әрқилы адамдар туралы айтады. Танымал трэвел шоудың біздің нұсқамыздағы ерекшелегі де – осы, - деп атап өтті ҚР Президенті Телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева.

«Орел и Решка» бірнеше рет Астана мен Алматыда демалыс өткізгенін еске сала кетейік.

Бағдарламаның барлық маусымында қазақстандық көрермендер «Орел и Решка» ұжымын сүйікті қалаларына шақыратын. Ал енді бағдарлама саяхатын Қазақстанның басқа өңірлерінде жалғастырады.

Айта кетсек, жобаға Freedom Holding Corp қолдау білдірді. 

Соңғы жаңалықтар