Silk Way телеарнасы жаңа ақпарат бағдарламасын эфирге шығарады
Бүгін эфирге шығатын, ағылшын тілінде хабар тарататын жаңа ақпарат-сараптамалық бағдарлама телеарнаның халықаралық көрермендерін Қазақстан мен Орталық Азия жаңалықтарынан хабардар етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

New Time — бағдарлама атауы кездейсоқ қойылған жоқ, ағылшын тіліндегі бұл сөз «Жібек жолы» телеарнасындағы бұрыннан бар және өзекті «Жаңа Уақыт» және «Новое Время» ақпарат-сараптама бағдарламаларының аудармасы.
Silk Way телеарнасындағы New Time аптасына бір рет, жұма күні эфирге шығып, көрерменді әлем мен еліміздегі саясат, экономика, мәдениет пен спортта болған маңызды оқиғалармен таныстырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сонымен қатар бағдарламада шағын форматта қазақстандық және халықаралық алдыңғы қатарлы сарапшылардың талдауы көрсетіледі.
Бағдарлама миссиясы — халықаралық ақпарат кеңістігінде өз орнын табу және әлемнің назары мен қызығушылығын күн өткен сайын өзіне аударып, қарқынды дамып жатқан Орталық Азия өңіріндегі оқиғаларға деген шетелдік көрерменнің сұранысын қанағаттандыру.
Silk Way эфиріндегі New Time бағдарламасын телеарна хабар тарататын 118 елдің көрермендері тамашалай алады.
Қазақстандықтар бағдарламаны телеарна сайты мен әлеуметтік желілерінен лайф режимде көруіне болады.
Silk Way — әлемнің 118 елінде 5 тілде хабар тарататын, ҚР-ның алғашқы ұлттық спутниктік телевизиялық телеарнасы.
Арна контенті — 100% отандық өнім.