«Сыныптасын құлдықта ұстады»: қызылордалық оқушылар изолятордан үйқамаққа ауыстырылды

миграционная полиция
Фото: Polisia.kz

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласында «сыныптасын секс-құлдықта ұстады» деген күдікке ілінген мектеп оқушылары үйқамаққа ауыстырылды.

Күдіктілердің үйқамаққа ауыстырылғаны жөнінде Қызылорда облыстық соты түсініктеме берді.

«Аталған өтінішхаттарды Қызылорда қаласының тергеу соты қараған. Күдіктілерге, кәмелетке жасына толмағандарға үйқамақ түріндегі санкциялар қолданылды. Қазіргі уақытта тергеу сотының қаулыларына жәбірленуші тараптан Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым келіп түсті. Ол қаралу сатысында тұр. Қаулыға қалған қатысушылар шағым жасамаған», — деп мәлім етті облыстық соттан.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қызылорда қаласында мектеп оқушылары «сыныптасын секс-құлдықта ұстады» деп күдікке ілінді. Бір топ жасөспірім 16 жастағы қызды қинап ұстағаны, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады. Оқушы қыздың ата-анасы жағдайды қоғамдық қорға хабарлаған. Ал оқушының «секс-құлдықта жүргенін» оның досы анықтаған.

Соңғы жаңалықтар
telegram