Синоптиктер 4 қаңтарға ауа райы болжамын ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – Синоптиктер 4 қаңтар күні ел аумағындағы табиғат құбылыстарына қатысты ауа райы болжамын жариялады. 

метель, боран, снег, закрыта дорога, автомобиль, көлік, қар, жол жабық
Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

Қазгидрометтің мәліметіне сүйенсек, тек Қазақстанның оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

погода, боран, метель, дорога
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Жақын күндері Қазақстан арқылы Жерорта теңізінен циклон өтеді. Соған баланысты республиканың көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен қар мен боран күтіледі, ал батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең күшті жауын-шашын болуы мүмкін.

метель, боран, снег, қар
Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 0-8 градусқа дейін, күндіз 2 градус аяз -5 градусқа дейін көтеріледі. Ал, орталығында ауа температурасы түнде -10°C-тан -18°C-қа дейін төмендейді, күндіз -5°C-ден -12°C-қа дейін, оңтүстік аймақта ауа температурасы түнде -0°С-тан -10°C-қа дейін, күндіз -6°C-ден -2°C-қа дейін, оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде -0°С-тан -5°С-қа дейін, ал таулы аймақтарда -8°С-тан -13°С-қа дейін, күндіз -2°С-тан -3°С-қа дейін төмендейді. Республиканың шығысында ауа температурасы түнде -5°С -13°С, күндіз -5°С-тан -10°С дейін көтеріледі деп болжанып отыр. 

метель, буран, зима, закрыта дорога, боран, қыс, жол жабық
Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

Айта кетейік, Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман, екпінді жел күтіледі.

Еске салсақ, осыған дейін 3 қаңтарда республика бойынша қай жолдарда қозғалыс шектелгенін жазғанбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум