Синоптиктер: Алдағы күндері ауа райы күрт суытады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК осы аптада ауа райының күрт нашарлайтынын ескертеді.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде аяз болады
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Синоптиктердің айтуынша, ел аумағынан солтүстік-батыс циклоны өтетіндіктен, қар жауып, боран соғады, көктайғақ пен тұман күтіледі.

Алайда 9 желтоқсанда антициклонның келуімен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендей бастайды.

Еліміздің бірнеше облысында аяз көтеріледі:

  • 9 желтоқсанда Ақтөбе облысында ауа температурасы –13…–18°-тан –20…–25° аязға дейін түседі;

  • Қостанай және Ақмола облыстарында 9–10 желтоқсанда –22…–27°, кей жерлерде –30° аяз күтіледі;

  • Солтүстік Қазақстан облысында осы күндері –25…–30° аяз болжанады;

  • Павлодар облысында 9–11 желтоқсанда –20…–25°-тан –25…–30°-қа дейін төмендейді;

  • Қарағанды облысында 9–10 желтоқсанда аяз –15…–20°-тан –22…–32°-қа дейін күшеюі мүмкін;

  • Елдің шығысында 10–11 желтоқсанда –25…–30° аяз болады.

Бұған дейін синоптиктер Астанаға не себепті қар жаумай тұрғанын түсіндірді.

Ал ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Азат Сұлтанов қарсыз қыстың диқандарға қалай әсер ететіні туралы пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум