Синоптиктер елордада және өзге екі өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктер елордада және өзге екі өңірде ескерту жариялады

18 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде жекелеген аумақтарда, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.

18 маусым күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Нұр-Сұлтанда 18 маусым күні найзағай жарқылдап, бұршақ жауатыны болжанады.