Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, ұйтқып жел соғады және бұршақ жауады деп болжауда

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Жаңбыр, найзағай, ұйытқымалы жел, бұршақ шақыратын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттық бөліністер Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына өз әсерін тигізуін сақтайды,
None
None

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метр, ал Оңтүстік Қазақстан облысында секундына 24 метр жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстанда және түнде Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда облыстарында аптап ыстық болады.

«Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 5 класты ыстықтың қауіпі сақталады», деп хабарлайды метеорологтардың ақпаратына сілтеме жасай отырып Төтенше жағдайлар министрлігі.

Соңғы жаңалықтар