Синоптиктердің 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Атап айтқанда, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Ақмола, Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде тұман мен көктайғақ болжанады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі.
Қызылорда, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұманды болады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысында 15-20 м/с екпіндегі жел күндіз 23-28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.
Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с екпіндегі желдің күші 23-28 м/с артады.
Алматы облысының кей жерлерінде - күндіз, Жалаңашкөл ауданында түнде жел 15-22 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал.