01:12, 20 Қаңтар 2024 | GMT +5
Синоптиктердің 20 қаңтарға күн райы болжамы
АСТАНА. KAZINFORM – 20 қаңтарда Қазақстанның басым аумағына кең антициклонның ықпалы сақталады. Соған байланысты жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының құбылмалы сипаты байқалады. Онымен қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. Республиканың оңтүстік-шығысында қалың қар жауады. Елдің барлық аумағында тұманды болады.
Синоптиктер барлық дерлік өңірде – Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Абай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ескерту жариялап отыр.