«Сыр елі — жыр елінде» термешілер референдумға қатысты

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Республикалық рефрендум аясында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округіндегі № 109 сайлау учаскесінде ақын-жыраулар дауыс берді.

а
Фото: видеодан алынған кадр

Ел аузында «Сыр елі — жыр елі» деп танылған Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Тұрмағамбет ауылы даңқты жырауларымен танымал.

Бұл өлкеден  Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, Жиенбай жырау сияқты даңғайыр 100 ақын-жырау шыққан. 

Өнерлі өлкенің тұрғындары бүгін де республикалық рефрендумда дауыс беріп жатыр. Учаскеде дауыс беруді ауылдың жыраулары бастады. 

Зәуре Кәрібаева, Дінислам Тоқсанбаев бастаған термешілер жырдан шашу шашты.

«Ел өміріндегі маңызды шарада өз таңдауымызды жасадық. Жергілікті тұрғындарға концерттік баңдарлама ұсындық», — дейді олар.

Еске салсақ, мұның алдында Қызылорда облысында 103 жастағы майдангер таңдауын жасаған еді. 
 

Соңғы жаңалықтар