Сирия бойынша ХХІІ халықаралық кездесу Астанада өтеді

солтан
Фото: Kazinform/Солтан Жексембеков

АСТАНА. KAZINFORM – Сирия бойынша ХХІІ халықаралық кездесу Астанада 2024 жылдың екінші жартысында өтеді.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев атап өткендей, Сирия бойынша ХХІ халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемені оқи отырып, тараптар 2024 жылдың екінші жартысында Астанада Сирия бойынша ХХІІ халықаралық кездесуді өткізуге келісті.

Айта кетсек, бүгін Астанада Сирия бойынша келіссөздердің жаңа раунды өтті.

ХХІ халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия өкілдерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Астана процесі» Сирия мәселесін реттеудегі негізгі алаң болып қалғанын қалаймыз» деген еді Ресей Федерациясынан келген делегация басшысы Александр Лаврентьев. 

Соңғы жаңалықтар