Сирия бойынша «Астана процесіне» қатысатын елдердің саны көбейе ме

Астана
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылдың ІІ жартысында өтетін Сирия бойынша халықаралық кездесуге қатысатын елдердің санын арттыру мәселесі көтерілді. 

«Астана форматына қатысушылардың санын арттыру жағы ара-тұра көтеріледі. Мысалы, былтыр Қытай Сирия бойынша бақылаушы ел болуға ниет білдірді. Біздің шешім бірауыздан және консенсус негізінде қабылданады. Сондықтан Қытайды бақылаушы ел ретінде қосудың туралы шешім қабылданды. Жалпы бақылаушы елдер Сирияның көрші елдері - Ирак, Иордания, Ливан. Ал кепілгер елдер Сирия үкіметіне де, Сирия оппозициясына да қарсылас күштерге әсері бар елдер», - деді Ресей Федерациясынан келген делегация басшысы Александр Лаврентьев Сирия бойынша 21-ші халықаралық кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ресейлік өкіл Қытайды бақылаушы ел ретінде қатарға қосу мәселесі серіктестермен талқыланғанын айтты.

«Біз бұл мәселені ирандық және түрік серіктестерімен талқыладық, әзірге сол күйінде қалдыруды шештік», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін елордада Сирия бойынша ХХІ халықаралық кездесу өтті. Оның нәтижесінде қатысушы елдер бірлескен мәлімдеме жасады.

Мәлімдеме айтылғандай Сирия бойынша ХХІІ халықаралық кездесу Астанада өтеді. 

Соңғы жаңалықтар