Сирия мәселесін шешуде Астана форматы тиімді алаң – Александр Лаврентьев

сирия
Фото: Солтан Жесенбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Федерациясынан келген делегация басшысы Александр Лаврентьев Сириядағы жағдай биыл түбегейлі өзгерістерге ұшырайды деп үміттенеді.

«Астана форматы – проблемаларды шешу бойынша пәрменді қадамдар табуға және қабылдауға көмектесетін жалғыз тиімді алаң болып қала береді. Сіз бен біз Сирия Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы ғана емес, сонымен қатар жағдайының да жақсарғанын байқаймыз деп үміттенеміз», - деді Александр Лаврентьев Астанада Сирия бойынша 21-ші халықаралық кездесуді қорытындылай келе.

Одан бөлек, ресейлік өкіл ұсынылған алаң үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.

Айта кетейік, бүгін елордада Сирия бойынша ХХІ халықаралық кездесу өтті. Оның нәтижесінде қатысушы елдер бірлескен мәлімдеме жасады. 

Мәлімдеме айтылғандай Сирия бойынша ХХІІ халықаралық кездесу Астанада өтеді. 

Соңғы жаңалықтар