Сирия «өтпелі үкіметінің» басшысы Араб елдері лигасының саммитіне қатысады

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Сирия оппозициясы жасақтамақ болып отырған «өтпелі үкімет» басшысы Хассан Хитто наурыз айының соңында Катар астанасы - Доха қаласында өтетін Араб елдері лигасының (АЕЛ) саммитіне қатысады.
None
None

Бұл жайында катарлық «Аш-Шарк» басылымы хабар таратты.

Сирияның АЕЛ-ға мүшелігі билік пен оппозицияның қарулы қақтығысы кесірінен 2011 жылдың қараша айында тоқтатылған болатын. Ағымдағы айдың бас кезінде араб елдерінің СІМ басшылары Каирде бас қосып, Сирия оппозициясының ұлттық коалициясына АЕЛ-ға қатысуға мүмкіндік беретін болып шешкен еді. Бұл шешімді Сирияға көрші жатқан Ирак пен Ливан және Алжир мемлекеттері құптаған жоқ.

muslim.kz. сайтының жазуынша, таяуда Ыстамбұлда бас қосқан сириялық оппозиция АҚШ-та тұрып жатқан сириялық бизнесмен Хассан Хиттоны «өтпелі үкіметтің» басшысы етіп таңдаған болатын. Ол жақын арада Революциялық және оппозициялық күштер ұлттық коалициясының атқарушы билігі болатын министрлер кабинетін жасақтауды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар