Сирия президенті аш-Шарааға қастандық жасалғаны рас па
АСТАНА. KAZINFORM — Сирия Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нуреддин әл-Баба «елдің уақытша президенті Ахмед аш-Шараға қастандық жасалды» деген әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.
— Бұл ақпарат мүлдем жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Соңғы күндері президентке немесе басқа жоғары лауазымды шенеуніктерге қатысты ешқандай оқиға болған жоқ, — деп жазды шенеунік Facebook желісінде.
Әл-Баба азаматтар мен БАҚ өкілдерін жауапкершілікті сезінуге және мемлекеттік органдардың нақты ақпараттарын пайдалануға шақырды.
Asharq Al-Awsat газетінің хабарлауынша, соңғы екі күн ішінде әлеуметтік желілерде жасанды интеллект арқылы жасалған жаңылыстыратын суреттер таратылды. Дамаскіде президент Ахмед аш-Шараа мен оның көмекшілерінің бірі шабуыл кезінде жарақат алған деп айтылды.
Бұған дейін Сирия президентінің БАҚ жөніндегі кеңесшісі Ахмед Зейдан X газетінде «30 желтоқсанда президент сарайының маңында және астананың Меззе-86 ықшам ауданында жарылыс пен атыс болды» деген қауесеттер шындыққа жанаспайтынын жазған. Ол жалған ақпарат таратуды «зұлым күштердің айласы» деп сипаттады.
Дүйсенбі күні кешке сириялық «Al Watan» газеті президент Ахмед аш-Шарааның Меззе даңғылының бойында серуендеп жүрген фотосуреттерін жариялады.
Еске салайық, Сирия өткен аптада жаңа банкноттарын таныстырды.