23:22, 25 Наурыз 2026 | GMT +5
Сирияда су тасқыны салдарынан 700-ге жуық үйді су басты
АСТАНА. KAZINFORM — Сирияның Хасека провинциясы аймағында нөсер жауын салдарынан су тасқыны болып, шамамен 700 үй су астында қалды, деп хабарлайды Анадолы.
Табиғи апаттан әсіресе қала орталығындағы бес аудан қатты зардап шекті. Су басқан үйлердің саны жүздегенге жетіп отыр.
Қазіргі уақытта Сирияның азаматтық қорғаныс қызметтері зардап шеккен аумақтарда құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Сарапшылардың айтуынша, Эль-Ниньо құбылысы 2026 жылдың соңына қарай күшеюі мүмкін.
Бұл әлем бойынша су тасқыны, құрғақшылық және рекордтық жоғары температура қаупін арттырады.