Сириядағы арнайы операция кезінде Түркияның бір әскері қаза тапты

АММАН. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Сирияның Алеппо қаласының маңындағы шекаралық әскери бекеттерге түрік авиациясының шабуылы салдарынан 11 әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сирияның адам құқықтары жөніндегі обсерваториясына сілтеме жасап.
None
None

Түрік әуе күштерінің Сирияның солтүстігіне жасаған соққысынан кемінде 11 адам қаза тапты, олардың арасында үкімет сарбаздары да бар. Бұл туралы Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы адам құқықтары жөніндегі обсерватория мен күрд ақпарат құралдары хабарлады.

Түркияның Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қақтығыс күшейгенде күрд күштері Түркия аумағына соққы беріп, салдарынан бір сарбаз қаза тапты. Өз кезегінде Сирияның мемлекеттік БАҚ-тары қақтығыс салдарынан Сирия армиясының үш сарбазы қаза тауып, тағы алтауы жараланған.



Фото: AlJazeera
Соңғы жаңалықтар