Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Иранға барудан бас тартуға кеңес берді

АСТАНА. KAZINFORM — Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленістің сақталуына байланысты Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

МИД РК ҚР СІМ зима қыс
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

— Қазір Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына елден мүмкіндігінше шығып кетуді, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, жаңалықтарды қадағалап отыруды және жергілікті билік органдарының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауды ұсынамыз. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдеріне сапарларды жоспарлау барысында қазіргі жағдайды және оның күрделілену қаупін назарға алып, жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, — делінген хабарламада. 

Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қосымша әрі жедел ақпарат алу үшін Иранда жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін байланыс желілері ашылды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

+7 (7172) 72 01 11 (кезекші дипломат, жұмыс күндері — 19:00–ден 09:00–ге дейін, демалыс күндері — тәулік бойы);
+7 (7172) 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті).

Қазақстанның Ирандағы Елшілігі (Тегеран қ.):

+98 21 2256 5933 (Елшіліктің кезекші қызметкері);
+98 936 208 4672 (ұялы телефон, Whatsapp);
Мекенжайы: Тегеран қ., Даррус, Хедаят көш., 83 үй
(83 Hedayat Street, Darrous, Tehran).
Электрондық пошта: tehran@mfa.kz, kaztehran211@gmail.com

Қазақстанның Горгандағы Бас консулдығы:

+98 912 298 0350 (ұялы телефон);
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);
+7 701 771 34 01 (Whatsapp);
Мекенжайы: Горган қ., Едалат-97 көш., Мина аллеясы
(Edalat 97, Gorgan).
Электрондық пошта: gorgan@mfa.kz

Қазақстанның Бандер-Аббастағы Консулдығы:

+98 930 298 5703 (ұялы телефон, Whatsapp);
Мекенжайы: Бандер-Аббас қ., Фаджр көш., Вальфаджр-1, 7-үй
(1st Valfajr 7, Fajr Street, Bandar-Abbas).
Электрондық пошта: kzvisabnd@gmail.com 

Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі, 19 ақпанда, жақын арада Иранмен келісімнің мүмкіндігі анықталатынын мәлімдеді және егер келіссөздер сәтті аяқталмаса, Вашингтон эскалацияға баруға мәжбүр болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Кеше Женевада АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер аяқталғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум