Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР СІМ Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты аталған елдегі Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

СІМ
Фото: СІМ

Бұл жөнінде министрліктің ресми өкілі Жанболат Үсенов Telegram-арнасында жариялады.

Атап айтқанда, Сыртқы істер министрлігі:

  • сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды;
  • нақты қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауды, рейстердің мәртебесін әуекомпаниялардан алдын ала нақтылауды;
  • адамдар шоғырланған орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болуды;
  • шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынады.

Сонымен қатар, төтенше жағдайға тап болған жандар ҚР-ның Эр-Риядтағы Елшілігіне немесе ҚР-ның Жиддадағы Бас консулдығына хабарласуы қажет.

Жедел байланысқа арналған телефон нөмірлері:

Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77.
Жидда қаласындағы консул: +966 53 275 80 80.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан хуситтердің Сауд Арабиясындағы шабуылдарын қатаң айыптайтынын жазғанбыз.