«Ситик» корпорациясы Қазақстанда шикізаттық емес саладағы жобалар бойынша қарым-қатынасты нығайтуға ниетті

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Ситик» корпорациясы Қазақстанда шикізаттық емес саладағы жобалар бойынша қарым-қатынасты нығайтуға ниетті. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғаннан кейінгі брифингте аталған корпорацияның басшысы Кун Дань мәлім етті,
None
None

 

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Президенттің қабылдауында Қазақстанда қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан жобалар талқыланғанына тоқталған ол, «біз қазір осы елде шикізаттық емес саладағы жобаларға үлкен назар бөліп отырмыз. Осы орайда «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорымен  шикізаттық емес жобалар үшін инвестицияға арналған бірлескен коммерциялық қор құруға келістік. Сонымен қатар біз битум зауыты құрылысының жобасына қатысу жөніндегі келіссөздер үдерістерін жеделдетудеміз. Себебі, битум Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды салуда маңызды шикізат болып табылады», деді ол.

 Кун Дань Қорғас-Алматы автожолының құрылысына қатысуға, сондай-ақ Қазақстандағы әріптестерімен сандық телеарна бойынша жобаны қарастыруға  дайын екендіктерін  айтып өтті.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстан тарапымен құрылыс материалдарын сатуға арналған бірлескен супермаркетін құру мәселесі қарастырылып жатыр.

«Мұнымен қоса, біз осында Қытайдың дәстүрлі медицинасының бірлескен орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Осы орайда өзіміздің талпынысымызбен «Ситик» корпорациясы сенімді әріптес екенін көрсеткіміз келеді», деді Кун Дань.

Соңғы жаңалықтар