Сицзандағы 6,8 балдық жер сілкінісінен кейін 3600-ден астам афтершок тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күні таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша, өткен аптада Қытайдың оңтүстік-батысына қарасты Сицзан автономиялық ауданындағы Тингри ауданында болған 6,8 балдық жер сілкінісінен кейін жалпы саны 3614 жерасты дүмпуі тіркелді, делінген Қытай жер сілкінісі желілері орталығы мәліметінде. Бұл туралы Kazinform Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сицзандағы 6,8 балдық жер сілкінісінен кейін 3600-ден астам афтершок тіркелді
Фото: pexels.com

Мәліметтер көрсеткендей, дүмпулердің көпшілігінің магнитудасы 3,0-ден төмен болды. Дүйсенбі күні кешке бірі 4,9, екіншісі 5,0 балдық екі күшті жерасты дүмпу округтегі бірнеше ғимараттың қирауына әкелді, деп хабарлады жергілікті билік.

- Тұрғындар бұған дейін шатырлар мен панельді үйлерге көшкендіктен, әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - деді округ үкіметінің басшысы Джасчи Доньджуб.

Бұған дейін Сицзан автономиялық ауданы (Қытайдың оңтүстік-батысы) Шигацзе қаласындағы Динжи уезінде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды. 

Қытайдың сейсмологиялық желі орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 28,50 градусы мен шығыс бойлықтың 87,45 градусының координатасында орналасқан. Гипоцентр 10 км тереңдікте.

Қытайдағы жер сілкінісінен 126 адам қаза тауып, 188 адам жарақат алды. 

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Соңғы жаңалықтар