16:34, 07 Наурыз 2009 | GMT +5
Сіздердің жүздеріңізден қуаныш пен күлкі кетпесін, жанарларыңыз нұр шашсын ? СҚО әкімі
ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында наурыздың 8-і - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылуда.
Облыс әкімі Серік Біләлов өңірдегі әйелдерді төл мерекелерімен құтықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеше, аймақ басшысы облыстағы еңбек сіңірген ұстаз Анастасия Каратаеваның үйінде болды. Әкім ардагер ұстазды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін алғыс айтып, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етті. Бүгін Петропавлдағы Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында облыс әкімінің қатысуымен, қоғам және жергілікті атқару органдары өкілдерінің Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналысы өтеді.