Сіздің жеңісіңіз бүкіл қазақстандықтарға Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңындағы тамаша тарту болды - Елбасы

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Францияда ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында тамаша жеңіске қол жеткізген қазақстандық спортшы Илья Ильинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

«Сіз өз жеңімпаздарын, туған елін мақтан тұтатын миллиондаған отандастарымыздың үмітін кезекті рет ақтадыңыз. Қазақстанның спорт державасы ретіндегі мәртебесі тағы бір рет дәлелденіп, беделді әлемдік бәсекеде туымыз көкте желбіреді, әнұранымыз шырқалды. Сіздің жеңісіңіз бүкіл қазақстандықтарға Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңындағы тамаша тарту болды. Жеңіске деген Сіздің ерік-жігеріңіз, қайсар рухыңыз бен қажыр-қайратыңыз, шеберлігіңіз бен табандылығыңыз барша қазақстандық спортшыларға үлгі-өнеге болады деп сенемін. Спортта жаңа биіктерге жете беруіңізге тілектеспін!», - делінгенқұттықтау жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар