«СҚ-Фармация» компаниясы дәрі-дәрмекке қанша үстеме қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі бірыңғай дистрибьютор болып саналатын «СҚ-Фармация» компаниясы бағаға қосылатын үстемені көлемін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«СҚ-Фармация» ЖШС 2009 жылы Үкімет қаулысымен бірыңғай дистрибьютор ретінде танылған. Бұл квазимемлекеттік ұйым, 100% акциясы денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі. Вице-министр Алексей Цой жетекшілік ететін қадағалау кеңесі жұмыс істейді. ҚР ДСМ Комитетінің төрайымы ретінде мен де қадағалау кеңесіне мүшемін. Министр бұйрығымен бекітілген үстеме ақы бар» , - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарушы директоры Гүлнәр Омарова мекеменің үстеме ақысы туралы сұраққа жауап берді.

«2017 жылы 100 мың теңгеге дейінгі дәрілік заттар үшін 7% үстеме ақы бекітілген. Сатып алу нәтижесі бойынша үстеме ақы денсаулық сақтау министрлігі бекіткен шекті бағаға емес, сатып алу нәтижесінде құрылған бағаға лайықталады. 7%-тегі біздің үстеме ақы орташа алғанда 6,5%-ті құрайды. Оның 3% логистикалық қызметке кетеді, тең жартысы мемлекеттік бюджетке және қалған проценті «СҚ-Фармация» ЖШС-ның дамуы мен штаттық бірлігіне жұмсалады», - деді Г. Омарова.

Соңғы жаңалықтар