СҚО Әділет департаментінде жаңа басшы

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментін бұдай былай Естай Рашқалиев басқарады.

СҚО Әділет департаментінде жаңа басшы
Фото: ҚР Әділет министрлігі

ҚР Әділет министрлігінің мәліметінше, жаңа басшыны департамент ұжымына Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова таныстырды. Министрдің орынбасары кездесуде халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және атқарушылық өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

СҚО Әділет департаментінде жаңа басшы
Фото: ҚР Әділет министрлігі

Сондай-ақ, ол Естай Рашкалиевтің кәсібилігі мен басқарушылық қабілеті қойылған міндеттерді табысты орындауға мүмкіндік беретініне сенім білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Естай Рашқалиев 2008 жылдан бастап әділет органдарында қызмет атқарып келеді. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған. Сот және құқықтық жүйеде мол тәжірибесі бар.

Естеріңізге салайық, бұған дейін СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әділхан Сағындықов тағайындалған еді. 

Соңғы жаңалықтар