СҚО әкімі балабақшалар мен баспаналардың құрылысы барысына бағасын берді (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО әкімі Ерік Сұлтанов Петропавлда салынып жатқан бірқатар нысандар мен «Искорка» балабақшасына барды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Искорка» балабақшасы 280 орынға арналған. 10 топтың ішінде үшеуі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында орналастырылған.

Аймақ басшысы мекеменің материалдық-техникалық базасына қызығушылық білдіріп, әдістемелік кабинет, психология кабинеттеріне, денешынықтырумен айналысу залдарын аралады.

Одан кейін Ерік Сұлтанов тағы екі балабақшаның құрылыс барысымен танысып өтті, ондағы жұмыстар МЖӘ аясында жүргізілуде.

«Береке» шағынауданында облыс әкімі бірден бірнеше нысанның құрылысымен танысты. Осылайша, Гастелло көшесіндегі 75-пәтерлік тұрғын үй «Жас отбасы» бағдарламасының аясында салынып жатыр. Үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Аймақтың бірінші басшысы бас мердігер «Лира» ЖШС-нің алдына нысанды ағымдағы жылдың 1 мамырына қарай тапсыру міндетін қойды.

Бұл шағынаудандағы тағы екі іріпанельді үйдің әрқайсысы 75 пәтерге есептелген. Кестеге сәйкес, үйлер тұрғын құрылыс жинақтамалары жүйесі арқылы салынуда. Бұл Гастелло көшесіндегі 55, 75 және 90-пәтерлік үйлер. 80-пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы үшін Уральская көшесінде жер учаскесі дайындалды.

Соңғы жаңалықтар
telegram