СҚО әкімі білім беру сапасын арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Облыстық әкімдікте білім беру мекемелерінің мемлекеттік аттестациясы мәселелері бойынша кеңес өтті. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Жиынды ашқан аймақ басшысы Ерік Сұлтанов 2015-2016 оқу жылдары облыстың 129 ұйымында мемлекеттік аттестация өткенін айтты.

Оның қорытындысы жайлы білім беру саласын бақылау бойынша департамент басшысы Ерлан Әбелдинов баяндады.

 «Аталған аттестациядан 16 мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымы, 106 мектеп пен 7 техникалық және кәсіби білім беру ұйымы өтті», - деді ол.

Ерлан Әбелдинов білім беру саласына мұғалімдер жұмысының нәтижелігін іштен қадағалайтын жүйе енгізу керек және педагогикалық ұжымдардың қызметіне баға беру керек деп санайды.  

Білім басқармасының басшысы Шолпан Каринова өз баяндамасында жеке мектептердің мемлекеттік аттестациядан өтпеуіне себеп болуы мүмкін жағдайларды айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова оқу үдерісіне оқушылардың ата-аналарын тартудың маңызын айтты.

Жиынды қорытындылаған СҚО әкімі білім басқармасының басшысына білім беру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.

 «7 шілдеге дейін білім беру сапасын жақсарту бойынша шаралар жоспарын ұсыныңыздар», - деді Ерік Сұлтанов.

null 

Соңғы жаңалықтар