СҚО әкімі Ерік Сұлтанов мемлекеттік қызметшілерді құттықтады (ФОТО)

Шарада облыс әкімі Тәуелсіздіктің 25 жылында мемлекеттік қызметтің тиімді моделі құрылғанын айтты.
«Жоғары біліктілік, құқық, экономика, әлеуметтану салаларындағы жақсы білім, өз ісіне деген адалдық. Мемлекеттік қызметшінің осындай қасиеттері алға қойған тапсырмаларды тиімді орындауға мүмкіндік береді», - деді Ерік Хамзаұлы.
Аймақ басшысы сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында өткізіліп жатқан мемлекеттік аппараттың ауқымды реформалары туралы еске салды.
«Онда мемқызметшіге қойылатын талаптар күшейтілген және кәсіптің беделін арттыруға, мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік қолдауды күшейтуге септеседі. Бірлескен талаптарымыз азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауға, тұрғындардың жағдайын жақсартуға бағытталатынына сенімдімін», - деді өңір басшысы.
Адал еңбегі мен мемлекеттік қызметтегі жемісті жұмысы үшін 13 адам СҚО әкімінің Құрмет грамотасымен, тағы 11-і Алғыс хатпен марапатталды.
«Мен тәуелсіздіктің құрдасымын» байқауының жеңімпазы да алғыс хатқа ие болды. Бұл мәртебе облыс әкімі аппаратының жалпы бөлімнің бақылау және ақпарат секторының жетекші маманы Азат Мұхамедьяровке бұйырды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиаданың жеңімпаздары марапатталды. 3 жалпыкомандалық орынға Шал ақын ауданының құрамасы, екінші орынға Ғ.Мүсірепов атындағы аудан командасы ие болды. СҚО Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері үздік атанды.