СҚО әкімі хоккей матчын ашты (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Құлагер» хоккей командасы өз алаңындағы алғашқы ойынын өткізді. Солтүстікқазақстандық спортшылар елордалық «Номад» командасымен кездесті, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

Матчтар қазан ортасында салтанатты түрде ашылған жаңа Спорт сарайында өтуде. СҚО әкімі Ерік Сұлтанов командаға арнаған құттықтау сөзін сөйледі.

«Алғаш рет СҚО-да заманауи Спорт сарайы ашылды. Мамырда біз «Құлагер» хоккей командасын құрдық, ал тамызда олар «Жеңіс Кубогы» беделді маусым алды турнирін жеңіп алды. Бүгін біздің мұз айдында олардың алғашқы ойыны өтеді. Бұл команда үшін ерекше жауапкершілік, жанкүйерлердің қолдауымен олар қызықты да нәтижелі ойын көрсететініне сенімдімін», - деді Ерік Хамзаұлы.

Өңір басшысы Астанадан келген «Номад» командасын қарсы алып, командаларға сәттілік, тартысты ойын көрсетулерін тіледі.

Облыс әкіміне шайбаны мұзға лақтырып, мачты ашу мәртебесі бұйырды.

Спортшылардың да толқып, ерекше күйде тұрғаны байқалды. Өңір басшысы оларға қолдау көрсетіп, қызықты ойын өтетініне сенімді екенін айтты.

ҚР Чемпионатының шайбалы хоккей турында команда екі күн ойын көрсетеді. Бірінші матч 2:3 есебімен «Номад» хоккей клубының пайдасына шешілді.

Соңғы жаңалықтар