СҚО әкімі ҚР Премьер-Министріне жедел жәрдем қызметі мәселесін шешуде қолдау көрсетуін өтінді

None
None
ТРОПАВЛ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Жақында Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалық етуімен ҚР Үкіметінің on-line режиміндегі отырысы болып өтті, оның барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша есеп берді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі жөнінде - бірінші бағыт: кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша, қазіргі уақытта 986 жұмыссыз адам курстардан өтуде. Кәсіби оқытуға бөлінген қаражаттың 81%-ы игерілген. Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспарланған 366 адамның орнына 646 адам жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыт - кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша 200 солтүстікқазақстандық оқытылды. Қазіргі кезде жалпы сомасы шамамен 70 млн. теңгені құрайтын несие алуға 35 өтінім мақұлданды.

Үшінші бағыт - тұрғын үйлердің құрылысы бойынша 50%-дан астам қаржы игерілді. Облыс әкімі атап өткендей, «бұл бағытта жұмыс кесте бойынша жүргізіліп келеді, бағдарламаны жүзеге асыру бойынша проблемалар жоқ».

Үкіметтің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша - жедел және шұғыл көмек көрсету қызметтерінің жұмысы бойынша облыс әкімі «Жедел жәрдемнің» желісі 124 бригададан қалыптастырылғанын айтты. Бұл жерде жағдай жақсы, бірақ медициналық кадрлардың тапшылығы сияқты мәселе бар (бүгінгі күні 56 дәрігер жетіспейді). Көлік қажеттілігі 77% қанағаттандырылған және тиісінше материалдық-техникалық қамту - 88 % болып табылады.

Петропавл қаласындағы «Жедел жәрдем» стансасының мәселесі шешілмей отыр. Ол қажетті талаптарға сай келмейтін лайықталған ғимаратта орналасқан. Бүгінде бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп келеді - құрылыс үшін учаске бөлініп, жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Аймақ басшысы Кәрім Мәсімовке республикалық бюджеттен қаражат бөлуге қолдау көрсетуін өтінді. ҚР Үкімет басшысы қаржыландыру мәселесімен көмектесуге сөз берді.

Жер учаскелерін бөлу мәселесіне тоқталсақ, Үкімет басшысына үлкен жұмыстың жүргізіліп, 7000-нан астам өтініш қабылданып, олардың 81 %-ы қанағаттандырылғандығы жеткізілді. Қосымша 1600 га бос жерлер бар, барлық өтініштер қарастырылатын болады.

Аймақты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша Серік Біләлов қазан айында АИ-бензинінің 1 литрі 86 теңге, АИ-92/93 - 106 теңге, ал дизельдік отынның 90 теңге тұрғандығын айтты. Қараша айында жазғы ЖЖМ бағалары өзгерген жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram