СҚО әкімі: Қылмыспен күрес қысқа мерзімді науқан емес

«Отырыста білім беру нысандарының өрт қауіпсіздігі, ҚАЖ мекемелері жанындағы өндірістің дамуы және Петропавл қаласы мен Мамлют ауданының жергілікті атқарушы органдарының құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қабылдап жатқан шаралары қаралды», - деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде.
«Қылмыспен және құқық бұзушылықпен күрес қысқа мерзімді науқан емес екендігін түсіну керек. Бұл - қоғамдық кауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бөлігі», - деді облыс әкімі Ерік Сұлтанов.
ТЖД басшысы Әсет Исмағұлов пен Білім басқармасының басшысы Шолпан Каринова білім беру ғимараттарындағы өрт қауіпсіздігі жайлы баяндады. Ш.Каринова биыл өртке қарсы шараларға 125 млн теңге бағытталғанын айтты.
«Тексеру кезінде бірқатар мектепте өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны анықталды. Білім бөлімдері ескерту алды, тиісті шаралар атқарылып жатыр», - деді Ш.Каринова.
Ерік Сұлтанов аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне олқылықтарды жоюды тапсырды.
ҚАЖ жанындағы өндіріс қалай дамып жатқаны жайлы кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотов мәлімдеді.
Ол негізгі жұмыс Жол картасы аясында жасалып жатқанын айтты. 2016 жылғы мамырдағы жағдай бойынша онда 20 жоба бар. 298 жұмыс құрылады. Бірқатары іске қосылды.
«Түзету мекемелерінде шамамен 492 сотталған (жұмыс істей алатындардың 51,3%) еңбекпен қамтылды, солардың ішінде 213-ін кәсіпкерлер еңбекпен қамтыды», - деді Е.Глотов.
Пенитенциарлық мекемелерде өндіріс дамуындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Елена Балло мен Мамлют ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Ғаббасов құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қабылдап жатқан шаралар және құқық бұзушылық профилактикасы бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысы жайлы баяндады.
Ерік Сұлтанов қоғамдық жұмыстардың әлсіз ұйымдастырылғанын айтып, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.