СҚО әкімі мұрағат мекемелерінің қызметкерлерімен болған кездесуде 2009 жылғы жұмыстарды қорытындылады

ПЕТРОПАВЛ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловтің мұрағат мекемелерінің қызметкерлерімен кездесуі болды. Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысындағы мұрағат мекемелері жұмыстарының қорытындылары шығарылды, сондай-ақ таңдаулы ведомстволық мұрағаттарға арналған облыстық байқау-конкурсының жеңімпаздары марапатталды,
None
None

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуді аша отырып, аймақ басшысы, қазіргі уақытта облыста 15 мұрағат мекемесінің, оның ішінде Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының жұмыс істейтінін атады. Мұрағаттардың сақтауында барлығы 4 000 қор бар, оларда 1 миллионнан астам құжаттар сақталған.

Аймақ басшысының айтуынша, құжаттардың іс жүзіндегі жай-күйін жақсарту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келеді.

Кездесу барысында аймақ басшысы ведомствоның бір топ қызметкерлеріне наградалар тапсырды.

Бес қызметкерге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы тапсырылды.

Облыстық байқау-конкурсының жеңімпаздры дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Аймақ басшысы мұрағат қызметкерлерін Жаңа жылмен құттықтады, олардың жұмыстарына игілік пен табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар