01:04, 07 Шілде 2016 | GMT +5
СҚО әкімі өз ісінің шеберлеріне алғыс хаттар табыстады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдың орталық алаңында Астана күні мерекесіне арналған «Ел жүрегі - Астана» атты шара өтті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабаралады.
Қазақстанның бас қаласы күнімен өңір басшысы Ерік Сұлтанов барша халықты құттықтады.
Бұл күні 30-дай әр түрлі маман иесі марапатталды.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 19 солтүстікқазақстандық құрмет грамотасына ие болды, сондай-ақ 11 адамға алғыс хат берілді.
Шара соңы өңір өнерпаздарының қатысумен өткен концертке ұласты.