СҚО әкімі Петропавл ауруханаларын аралады (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласына жұмыс сапарының барысында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов биылғы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген медициналық мекемелерге барды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бірінші нысан - балалар облыстық ауруханасы. Бір ауысымда оған 150 адамға дейін келіп отырады. 240 орынға арналған стационар бар. Ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатыр. Жаңа туған және мерзімінен ерте туған балалар патологиясы бөлімінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Терезелер ауыстырылып, қазіргі кезде қабырға, төбе, еден жөнделіп, электр желілері мен құбырлар ауыстырылып жатыр.

Мердігерлік ұйым - «СпектрСтройСервис» ЖШС-нің директоры Наталья Нагорная аймақ басшысына бөлімде жөндеу жұмыстары қалай жүргізіліп отырғанын баяндап берді. Ерік Сұлтанов жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Одан кейін аймақ басшысы №2 қалалық ауруханаға барды. Онда 75 мыңнан астам петропавлдық азамат тіркелген. Емхана бір ауысымда 500-ден астам адамды қабылдайды. 35 төсек орынға арналған күндізгі стационар жұмыс істеуде.

Емханада сәулелі диагностика кабинетін орналастыруға арналған бөлменің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оларға қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген.

Биылғы жылы облыс бойынша барлығы 17 медициналық мекеме жөнделеді. Соның екеуінде жұмыстар аяқталды.

«Барлық нысандарда жұмыс уақтылы жүргізіліп жатыр. Сапа бойынша ескертулер әзірге жоқ. Биыл білім, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарының жөндеу жұмыстары екі еседей өсірілді. Егер былтыр олардың саны 50 болса, биылғы жылы - 97. Білім мекемелерінде жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс», - деп атап өтті Ерік Сұлтанов. 

null null  

Соңғы жаңалықтар