СҚО әкімі Петропавлды қардан тазалау жұмыстарын бақылауға алды (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда су тасқынына дайындалып жатыр. Көшелерді қардан тазартумен айналысатын 5 мердігер ұйым жұмыстың күшейтілген режиміне көшті.
None
None

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов мердігер компаниялардың жұмысын өзі бақылады. Облыс орталығындағы жеке үйлер орналасқан бірнеше шағын ауданда болды.

«Бүгін қаланы қардан тазалау қалай жүріп жатқанын байқадық. Үш аптадай уақыт қалғандықтан, жұмысты үдете түсу керек. Қар тәулік бойы жиналады. Тәулік сайын шығарылатын қар көлемін 2,5 есеге арттырамыз. Осылайша су тасқынына дайындаламыз. Тұрғындар ауласындағы қарды сыртқа шығарса дұрыс болар еді. Сондай-ақ қала әкімдігі, білім басқармасы ардагерлерге, жалғыз тұратын зейнеткерлерге қар тазалауға көмектесіп жатыр. Тимуршылар бригадалары бар», - деді облыс әкімі Ерік Сұлтанов.

Қысқы маусымның басынан Петропавлдан 380 мың текше метр қар шығарылды.
null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар