СҚО әкімі сайлау науқанына белсенді атсалысқан 27 партия мүшесіне ел Президентінің алғыс хатын табыстады

«Шараның басында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов «Нұр Отан» партиясы СҚФБ төрағасы берген тапсырмалардың орындалғаны туралы айтты», - делінген хабарламада.
Баяндама аяқталған соң тиісті қаулы қабылданды. Ерік Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдарының төрағаларына аудандық филиалдардың жұмысын жандандырып, орындарда шағын және орта бизнес өкілдерін тартумен партиялықтардың санын сапалы арттыруды тапсырды.
Партияның аудандық филиалдарының бастауыш партиялық ұйымдармен жұмысы қалай өткізіліп, партияның құрылымы қалай жетілдіріліп отырғаны туралы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы, аудан әкімі Владимир Дудов, «Нұр Отан» партиясы Темірязев аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Еркін Базарханов, «Нұр Отан» партиясы Тайынша аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Уақыт Бейсембаев және партияның Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еділ Тұтқышев айтып берді.
Ерік Сұлтанов Бюроның қатысушыларына талқыланып отырған мәселе бойынша бірқатар қаулыларды қабылдауды ұсынды. Партиялықтар құжаттарды бірауыздан қабылдаған. Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша Қоғамдық кеңес пен «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының құрамында өзгерістер болды.
Отырыс «Нұр Отан» партиясының жекелеген мүшелерін марапаттау рәсімімен аяқталды. Ерік Сұлтанов сайлау науқанына белсенді атсалысқан 27 партия мүшесіне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттар табыстады.