СҚО әкімі Сочидегі форумның қатысушыларына РФ өңірлерімен өзара іс-қимыл туралы айтып берді

«Республика бойынша астықтың үштен бірін өндіретін Солтүстік Қазақстан облысы жыл сайын Ресей федерациясының өңірлерімен бидай экспортының көлемін арттырып келеді. 2011 жылдан бері осы экспорт көлемі 2,5 есеге артқан. Біздің облыс жыл сайын алыс-жақын шет елдерге шамамен 1,5 млн. тонна бидай, 150 мың тонна ұн, 200 мың тоннадан артық дәнді дақыл экспорттайтын болғандықтан, бұл біздің мүмкіндіктердің шегі емес», - деді Е.Сұлтанов.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі сондай-ақ өңірдегі мал шаруашылығы саласының зор әлеуетін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының шекаралас көршілерімен өзара тиімді экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі нығайта түсу керектігін міндет етіп қойды. Біздің облысымыз Ресейдің Омск, Түмен және Қорған аудандарымен шекараласады. Бұл өңірлермен тұрақты байланыс орнаған. Жыл басынан бері ғана Ресейдің өңірлерімен 25 бірлескен құжаттарға қол қойдық», - деп атап өтті СҚО әкімі.
«Транзиттік әлеуетті дамыту үшін «Көкшетау-Барнауыл» темір жолында Қызыл ту стансасынан «Русская поляна» стансасына дейінгі 100 шақырым жолды қалпына келтіру мәселесі қаралды. Бұл Батыс-Сібір теміржолын Орталық Қазақстанның темір жолдарымен жалғастыруға мүмкін береді», - деп толықтырды ол.
«Жалпы, Ресей Федерациясының өңірлері біздің облысымыз үшін экономиканың барлық саласындағы маңызды стратегиялық әріптес болып саналады және солай бола береді. Өңірлеріміз арасындағы жемісті өзара іс-қимыл елдеріміз арасындағы екі жақты қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді», - деді Е.Сұлтанов.