СҚО әкімі солтүстікқазақстандықтарды және партия мүшелерін «Нұр Отан» ХДП 10 жылдығымен құттықтады

ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының бастығы Серік Біләловтің «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының құрылғанына 10 жыл толуына байланысты солтүстікқазақстандықтар мен «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне арнаған құттықтауы жергілікті баспасөз беттерінде жарияланды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Онда «1999 жылғы наурыздың 1-і Тәуелсіз Қазақстанның тарихында қалатын күн. Осыдан тура 10 жыл бұрын біздің «Отан» партиясы құрылды. Әлеуметтік-экономикалық қиындықтарды ауыздықау, реформа бағыттарын қолдау мақсатында, еліміздегі сындарлы күштер партияға бірікті. Ал, 2006 жылы бірқатар партиялар «Отан» партиясына бірігіп, оның рөлін жоғарылатты. Содан кейін ол, көпшіліктің қалауымен «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы атанды», - делінген.«Біздің партиямыздың төрағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұдан былайғы уақытта, өмірдегі барлық мәселелер, жетістіктер мен республикамыздың келешектегі дамуы «Нұр Отан» партиясының екшеуінен өтетін болады, деп атап өтті. Мұндай өте жоғары миссия мен жауапкершілігі жоғары сенімді біз ел игілігіне асатын нақты істермен ақтауымыз қажет. Оған «Нұр Отан» партиясының күш-қуаты жетеді, қажетті құралдары мен тетіктері де бар», - деп атап көрсетілген облыс әкімінің құттықтауында.Бүгінгі таңда Солтүстік Қазасқтан облысында «Нұр Отан» партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдары жұмыс істейді. Облыстық партия ұйымының қатарында 43 мыңнан астам солтүстікқазақстандық бар.
Соңғы жаңалықтар