СҚО әкімі ҮИИДМБ-2-ге енгізілген кәсіпорындардың жұмысымен танысты (ФОТО)

«Өңір басшысы Ерік Сұлтанов жобалары Индустрияландыру картасының екінші баесжылдығына енген екі кәсіпорында болды. «Композиттік материалдар зауыты» ЖШС полимер композиттері өндірісімен айцналысады. Өндірістің бірінші кезеңі жүзеге асырылды, екіншісі 2016 жылға белгіленген», - деп көрсетілген хабарламада.
Кәсіпорын бір тонна масса өнімінің байқап көру легін шығарды. Композиттер Мәскеу мен Тольятти сертификаттау орталығына, одан кейін Қазақстанда сертификаттан өткізу жоспарлануда.
Кәсіпорын басшысы Абзал Темірбек кәсіпорынның ашылуы отандық пластика және пластикалық бұйымдар өндірушілерін шикізатпен қамтамасыз етуге болатынын айтты.
Тағы бір бірегей жоба - жылутиімді блок шығару өндірісі, оны Жүнісов жеке кәсіпкері жүзеге асырады. Бүгінде кәсіпорында жаңа технологиялық желі іске қосылуыныа арқасында өнім шығару 63 750 дана жылу блоктарына ұлғайды.
Бұл құрылыс материалы - үш қабатты қабырғалық блоктар. Олардан кеңселер, тұрғын үйлер, екі дүкен тұрғызылды және сауда үйінің құрылысы жүргізілуде.
Кәсіпорын өз өнімдерін ішкі нарықта өткізеді және Ресейдің шекаралық аудандарына жіберіледі.