СҚО әкiмi Ұлттық гвардия әскери институтының қызметкерлерiн 20 жылдық мерейтойымен құттықтады
Салтанатты жиында облыс әкiмiнің атынан құттықтау хатын СҚО әкiмiнiң орынбасары Анархан Дүйсенова оқыды.
«1997 жылы Қазақстан республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың бастауымен құрылған Әскери институт қазiргi таңда офицерлердi даярлау мiндетiн ойдағыдай атқарып жүр. 20 жыл - айтарлықтай уақыт. Осы жылдар iшiнде елiмiзде де, институт өмiрiнде де көп өзгерiстер болды. Тек бiр нәрсе өзгерiссiз қалды - ол осы жылдар бойы әскери институт өз ісі мен ұстанымына адал кәсiпқой мамандар мен дарынды офицерлердi дайындады», - делiнген құттықтау хатта.
Құрылғаннан берi институттан он курс бітірген, соның төртеуi халықаралық дегейде мойындалады. Қазақстан Республикасының әскерiне 2900 офицер жiберiлдi. 54 түлек арнаулы мiндет жүктелген бөлiмдерде қызмет етуде, олардың 15-i күрең берет иесi. Екеуi мемлекеттiк марапат иегерi, 37-не уақытынан бұрын әскери атақ берiлдi.
Өңiр басшысы жоғарғы оқу орнының басшылығы мен ұжымына елiмiздiң қорғаушыларын даярлау мен тәрбиелеуде алдағы уақытта да табыс, мықты денсаулық, игiлiк, бiрлiк пен жақсылық тiледi.