СҚО әкімі велоспорттан әлем чемпионы А.Луценкоға пәтер алуға сертификат табыстады

ПЕТРОПАВЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов велоспорттан әлем чемпионы,  халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алексей Луценкомен кездесті, деп хабарланды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Өңір басшысы солтүстікқазақстандық спортшыны айтулы жеңісімен құттықтап, спортта үлкен табыстарға жетуін  тіледі.

«Осыдан біршама уақыт бұрын еліміз олимпиадашыларымызды, соның ішінде  жерлесіміз, велоспорттан ҚР құрама командасының қоржынына алтын медаль салған Александр Винокуровты жеңістерімен құттықтады. Міне, тағы бір үлкен жеңіс. Голландияда велоспорт бойынша өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Алексей  Луценко  алтын медальға қол жеткізді», - деді спортшымен кездесу барысында Серік Біләлов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Әлем чемпионаты Голландияның Лимбург қаласында 15-23 қыркүйек күндері аралығында өтті. ҚР құрамасының құрамында Алексей Луценко ерлер арасындағы топтық жарыста бәсекеге түсті.

Додаға 39 елден 160 спортшы қатысты.

С. Біләлов А. Луценкоға пәтер алуға сертификатты табыс етті. Өңір басшысы оның жеке бапкері Виктор Потаповқа  ақшалай сыйақы берді. Ал ҚР еңбегі сіңген бапкер Сергей Кручина «ҚР спортын дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар