СҚО әкімі Жаңа жыл мерекелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО әкімі Ерік Сұлтанов мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібінің сақталуы мен «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер қарастырылған жиын өткізді. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

2016 жылдан мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысушыларды қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкімжанов айтты. Осылайша, нақты жеткізушілерге артықшылықтар болмауы үшін конкурстық құжатты алдын ала талқылау институты енгізіледі, жұмысты жеңілдету үшін мемлекеттік сатып алулардың алдын ала жылдық жоспары институты енгізілді.

«Сондай-ақ Заңға енгізілген тағы бір өзгеріс мемлекеттік сатып алуларға қатысарда құжаттармен бірге баға ұсынысын да жасау. Конкурстық баға ұсынысын әлеуетті жеткізушілердің өтініштерін ашу кезінде ғана байқауға болады», - деді Ескен Әкімжанов. Жиын соңында СҚО әкімі Жаңа жыл мерекесі күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар