04:44, 10 Желтоқсан 2014 | GMT +5
СҚО әкімі жергілікті базардағы полицейлер жұмысын тексерді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Ерік Сұлтанов облыс орталығының полиция бөлімшелерінде болды.
Өңір басшысы «Алтын-Адал» базарының аумағындағы тәртіп қорғау қызметін атқарып жатқан Петропавл қаласы ІІБ полиция бөлімшесінің жұмысымен танысты.
«Тиімді жұмыс жасау үшін бөлімшеге копьютерлік техника бөлінді, ол ҚР ІІМ мәліметтер базасына қосылған. Базар аумағында орналасқан 16 сыртқы бақылау каммераларына бөлек монитор берілді, ол бақылауды «онлайн» режимінде жүргізуге, азаматтардың барлық өтініштеріне жедел үн қатуға мүмкіндік береді", деп көрсетілген хабарламада.
Бұл күні Ерік Сұлтанов полицей қызметінің ардагерлер тобымен кездесті.