СҚО әкімдігі өртте қаза тапқан отбасыны жерлеу рәсімін өткізуге көмектеседі

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Ступинка елді мекенінде өртенген үйден екі ересек адамның және үш баланың денесі табылды.

Елордалық өрт сөндірушілер жарылыстардың алдын алды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға болған жерге СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов барды. Бұл туралы СҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Облыс әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыру мен өткізуге қажетті барлық көмекті көрсететін болады. Кәмелетке толмаған студентке колледж жатақханасында тегін тұру мүмкіндігі беріледі. Оған қажетті барлық психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, материалдық көмек көрсету және оқу ақысын төлеу мәселесі шешіледі. Алдағы уақытта тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылады. Жақын туыстарына қамқоршылық ресімдеу мәселесі ерекше бақылауда болады, - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, бүгін СҚО Шал ақын ауданы Ступинка елді мекенінде өрт шығып, тілсіз жау бір отбасының бес адамын жалмады.

 

Соңғы жаңалықтар