СҚО әкімінің орынбасары болып Нұрлан Кеңесов тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Нұрлан Кеңесов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Нұрлан Маратұлы 1983 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Көліктегі ұйымдастыру және басқару инженері, менеджмент» мамандығы бойынша және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда Imperial College London-да, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алған.
Әр жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары;
«Нұр Отан» партиясының орталық аппараты инновациялық комитет төрағасының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары;
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры;
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі;
ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің өнеркәсіптік инфрақұрылым және ел ішіндегі құндылық департаментінің директоры, «Jibek Joly» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
ҚР Көлік министрлігінің көлік саясаты департаментінің директоры болды.
Осы тағайындауға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімі инспекторы қызметін атқарған.
Облыс әкімінің жаңа орынбасары сауда, табиғи ресурстарды пайдалану, медициналық қызмет көрсету, демография, инвестициялар, кәсіпкерлікті дамыту, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп, инновация, жер қойнауын пайдалану, туризм салаларына жауап береді.
Бұған дейін Асхат Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын жазған едік.