18:29, 29 Наурыз 2015 | GMT +5
СҚО ардагерлері үшін Абылай хан резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған шаралар аясында полиция ардагерлері үшін Петропавлдың мәдени нысандары бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Ольга Шиян мәлімдеді.

«Қазақ хандығының 550 жылдығына және ҰОС Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған шаралар аясында ішкі істер органдарының ардагерлері, оқушылар үшін қаланың мәдени нысандары бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды. Петропавлда бұл мақсатпен Жамбыл, Тимирязь, Мамлют АІІБ зейнеткерлері болды», - деді СҚО ІІД бастығының орынбасары Виктор Букреев. «Абылай хан резиденциясы ерекше ұнады, ондағы экспозициялардан жақсы әсер алдым», - деді ардагер Петр Ларионов.