15:35, 28 Ақпан 2009 | GMT +5
СҚО автошабандоздары қысқы автожарыс бойынша ҚР чемпионатының күміс жүлдегері атанды
ПЕТРОПАВЛОВСК. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында өткен ипподромдағы қысқы тректік жарыс бойынша ҚР чемпионатына петропавлдық спортшылар да қатысып, жалпы командалық есепте күміс жүлдені жеңіп алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл республикалық жарыс СҚО Қызылжар ауданының Бескөл кентіндегі ипподромда өтті. Оған Астана, Алматы, Көкшетау және Петропавлдың спортшылары қатысты. Барлығы 12 автомашина қатыстырылды. Темір тұлпарлар бәс тігілген бәйгеде солтүстікқазақстандықтар өздерінің дайындықтарының жоғары деңгейін мойындатып, жалпы командалық есепте алматылық спортшыларға ғана орын беріп, күміс жүлдені еншіледі, ал, қола медальді көкшетаулықтар қанжығалады.Жеке есепте республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы, КСРО спорт шебері Владимир Жуковень ҚР чемпионы атанса, күміс жүлде көкшетаулық Михаил Загородневке, ал қола медаль алматылық Александр Артемьевке бұйырды.