СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясына жаңа басшы тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – ҚР Көлік министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Нұрсұлтан Жамашев Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы қызметіне тағайындалды.

СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясына жаңа басшы тағайындалды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Нұрсұлтан Жамашев 1986 жылы Қарағанды қаласында туған.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы прокуратура органдарында бастап, әртүрлі қызметтерде, соның ішінде басшылық қызметте еңбек еткен.

2019 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімінің аппаратында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

Осы тағайындауға дейін Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін СҚО Қызылжар ауданының әкімі болып Бейбіт Исманов тағайындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар