СҚО бойынша Сот әкімшілігі департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментіне басшы болып Манас Борашев тағайындалды.

Ведомствоның жаңа жетекшісін өңір судьялары мен сот ұжымдарына Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шакиев таныстырды. Айтуынша, Манас Борашевтің әртүрлі жауапты және басшы қызметте мол тәжірибесі бар. Сондай-ақ департаменттің жаңа басшысының алдына бірқатар міндет қойып, өңірдегі соттардың жұмыстарын ұйымдастыру сапасын арттыру үшін барлық күш-жігерін салатынына сенім білдірді.

СҚО сотының мәліметінше, Манас Борашев 1970 жылы Алматы қаласында туған.
2005 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Қазақ коммерциялық-қаржы академиясын және 2009 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Бұған дейін СҚО-да өсімдік майы мен жармалардың арзандағанын жазған едік.