СҚО бойынша Қаржы полициясы департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің бұйрығымен СҚО бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы болып қаржы полициясының полковнигі Жанат Ешмағамбетов тағайындалды.
None
None

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов Қаржы полициясының жаңа бастығын СҚО бойынша құқық қорғау органдарының басшыларына таныстырып, жаңа басшыға табысты жұмыс тілей келе, облыстың өзге де құқық қорғау органдарымен ынтымақта жұмыс істеуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар